Тағайындау • 02 Сәуір, 2024

Атырау мұнай өңдеу зауытына жаңа басшы келді

2481 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраудағы мұнай өңдеу зауытының бас директоры болып Абзал Досжанов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау мұнай өңдеу зауытына жаңа басшы келді

Ол Атырау қаласының тумасы. Еңбек жолын 2006 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында технологиялық қондырғылардың операторы болып бастаған. Кейін зауытта гидрогенизациялық процестер ауысымының бастығы болған.

«Францияның мұнай институтында (IFP School) біліктілігін арттырғаннан кейін ол Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жұмысын кәсіпорынды жаңғырту жобасын сүйемелдеу тобының технология бойынша бас маманы қызметінде жалғастырды. 2010 жылдан KMG International компаниясында Петромидия зауытының процестерін жақсарту жөніндегі менеджері, директордың өндіріс жөніндегі орынбасары, Rompetrol Petrochemicals бас директорының бірінші орынбасары, Rompetrol Rafinare операциялық директоры, Rominserv және Rompetrol Well Services компанияларының басшысы, Rompetrol Rafinare мұнай өңдеу зауытында бас директордың бірінші орынбасары – бас инженер лауазымдарында еңбек етті», деп хабарлады «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ баспасөз қызметі.

2023 жылдан бері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өңдеу және мұнай химиясы департаменті мұнай өңдеу басқармасының бастығы болып жұмыс істеген.