Оқиға • 02 Сәуір, 2024

«Ішінде адамдар болған»: Алматыда троллейбус өртеніп кетті

792 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бүгін таңғы сағат 8-де Сәтпаев пен Байтұрсынов көшелері қиылысында троллейбус жанып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz

«Ішінде адамдар болған»: Алматыда троллейбус өртеніп кетті

Фото: Видеокадр

Өрт сөндірушілер оқиға орнына үш минуттан кейін келген. Бұған дейін жолаушылар салоннан шығып үлгерген.

«Жанып кеткен автобусты сөндіру үшін қажетті шаралар қабылданды. Өрт 08:10-да оқшауланып, 08:15-те жойылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», деп мәлімдеді ТЖД.