Аймақтар • 01 Сәуір, 2024

Атыраудағы Қызылқоға ауданында көпірді тасқын су шайып кетті

673 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қызылқоға ауданында тасқын судың салдарынан көпір бүлінді, деп жазады Egemen.kz.

Атыраудағы Қызылқоға ауданында көпірді тасқын су шайып кетті

Аудан әкімдігінің мәліметіне қарағанда, Ойыл өзенінің арнасынан асқан су әлі тоқтаған жоқ. Бүлінген көпір Миялы мен Жангелдин ауылдары аралығында салынған.

«Әлеуметтік желіде аудан маңындағы көпір және ауылішілік жолдың бұзылғаны туралы фото-бейнежазба тарап жатыр. Осындай ақаулар алдағы уақытта да анықталуы мүмкін. Қызылқоға ауданына төтенше жағдай енгізілді. Оның аясында бұзылған нысандар ақауы анықталып, жергілікті бюджет есебінен қалпына келтіріледі. Бұл жұмыстар көктемгі өр суының келу кезеңі өткен соң басталады», деп хабарлады әкімдіктен.