Спорт • 01 Сәуір, 2024

Ескек есуден лицензиялық Азия чемпионаты өтеді

63 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның бас қаласы Токиода каноэ мен байдаркада ескек есуден лицензиялық Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан спортшылары белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ескек есуден лицензиялық Азия чемпионаты өтеді

Фото: qaz_olympics

Еліміздің атынан Бекарыс Раматулла, Андрей Ергучёв, Мария Бровкова, Сергей Емельянов, Ольга Шмелёва, Сергей Токарницкий, Татьяна Токарницкая, Тимур Хайдаров, Руфина Искакова, Ирина Подойникова, Ульяна Киселёва, Виктор Степанов, Артём Терещенко додаға енеді. 

Жекелей сайыста алтын және күміс алғандарға Париж Олимпиадасының лицензиясы бұйырса, жұптық сында алтын алғандар ғана жолдамаға ие болады.

Аталған құрлықтық дода сәуір айының 18-21 күндері өтеді.