Аймақтар • 21 Наурыз, 2024

Павлодарда «Күй күмбірі» атты челлендж өтті

42 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

20 наурыз күні өңірде Наурыз мерекесіне арналған «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда «Күй күмбірі» атты челлендж өтті

Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де Павлодар қаласындағы Құрманғазы атындағы балалар музыка мектебінің оқушылары, музыкалық колледж кешені-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының оқушылары мен студенттері және Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары «Batyr mall» сауда орталығында күйлерін ортаға салды.

А

Олар «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» Қ. Сағырбайұлы; «Тепең көк» халық күйі; «Әлқисса» Н. Тлендиев; «Ерке сылқым» Ә. Желдібаев; «Көроғлы» Д. Шығайұлы; «Көксерке» Байжігіттің күйлерін орындады.

Айта кетсек 12-20 наурыз аралығында өңіріміздің барлық мектептері, мектептен тыс ұйымдарының оқушылары және колледж студенттері домбырашылар челленджіне белсене қатысты.

«Домбыра – ежелгі дәуірден келе жатқан қазақ халқының кең тараған қасиетті ұлттық музыкалық аспабы. Сондықтан өскелең ұрпақ домбырада орындау өнерінің қасиетті дәстүрін жалғастыруы керек», дейді музыкалық колледж кешені-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының басшысы Серік Сыздықов.