Қоғам • 19 Наурыз, 2024

Ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа қызметке тағайындалды

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Айдын Айымбетов «Бәйтерек» БК» АҚ-ны басқарды. Бұл туралы Республикалық ғарыштық байланыс орталығының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Ғарышкер Айдын Айымбетов жаңа қызметке тағайындалды

Фото:gov.kz

Айдын Айымбетовтың жаңа қызметке кіріскені 18 наурызда, дәлірек айтқанда Республикалық ғарыштық байланыс орталығының 20 жылдығына арналған іс-шара барысында белгілі болды.

Айта кетейік, 2021 жылдың қыркүйегінде Айдын Айымбетов «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалған еді.

Айдын Айымбетов – қазақ ғарышкері, Қазақстанның Халық Қаһарманы, Қазақстан Әскери-әуе күштерінің генерал-майоры.