Қоғам • 14 Наурыз, 2024

Жаңа үлгідегі бейнестудия

23 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында жаңа үлгідегі «Интерактивті мультимедиялық бейнестудия» ашылды.

Жаңа үлгідегі бейнестудия

Өңірде тұңғыш рет ашылған ақпараттық кешен бейне және аудио жазуға, ақпараттық бейнепрезентациялар дайындауға, онлайн дәрістер мен веб-конференциялар өткізуге арналған.

Аталған жоғары оқу орнының ректоры Ержан Әмірбекұлы муль­ти­медиялық бейнестудияның оқу барысында қолдануға ерекше қажет екенін жеткізді.

«Әлемдік білім беру үрдісі жаңа стратегиялық мақсаттарды көздейді. Сәйкесінше, сол толқынға уақытында ілесіп, қажетті мүмкіндіктер алаңын ұсыну аса маңызды. Осы орайда көпфункциялы мультимедиялық бейнестудия біздің қала мен институт оқытушылары, студенттер үшін сапалы медиаконтент құруға түрткі болатынына сенімім мол», деді ол.

Интерактивті бейнестудия қа­шық­­тан оқыту және шы­ғар­ма­шы­лық қызметті ұйым­дас­тырудың ең заманауи және тиімді шеші­мі­нің бірі. Оның бірегей мүмкіндігін пайдалана отырып, интерактивті бей­ненұсқаулықтар мен бей­не­дәріс­тер­ді жазуға, бейне­са­бақ­тар мен кон­фе­рен­ция­лар өт­кі­зу­ге және тағы басқа да жаңа­шыл әдіс­темені іс жүзінде жүзеге асыруға болады.

Бір жағынан, бұл Ғылым және жоғары білім министрлігінің оқу үдерісін цифрландыру жөнін­дегі талаптарына сәйкес келетін цифр­лық технологиялар арқылы оқыту­шылар мен студенттердің өзара іс-қимылының құнды құралы іспетті.

Сондай-ақ цифрлық зертхана форматы интерактивтілік пен пәндерді 3D модельдеу арқылы қашықтан сабақ өткізуге қолайлы. Ең негізгісі, бейнестудия «Coursera» және «EDx» сияқты халықаралық платформаларға арналған контент жасауға, «zoom», «GoogleMeet», «WebEx» және басқа құралдар арқылы заманауи Led-тақтаға онлайн оқытуды таратуға және аралас оқыту түріне арналған оқу мазмұнын әзірлеуге мүмкіндік береді.