Шахмат • 14 Наурыз, 2024

Түркияда қола медаль бұйырды

22 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахматтан Қазақстанның ерлер құрамасы Түркияның Эрзурум қала­сында өткен ХХ қысқы Сурдлимпиялық ойындарында қола жүлдені иеленді.

Түркияда қола медаль бұйырды

Аталған жарыста Қазақ елі намысын Сұлтан Қожахметов, Самажан Кеттебеков, Максим Рожков, Амангелді Наурызғалиев, Мейірман Пернеев, Виктор Максименко қорғады. Біздің жігіттер Италия, Германия, Сербияны ұтып, Украина және Польшамен тең ойнады. Ал Хорватия құрамасы алдымызды орап кетті. Нәтижесінде, жерлестеріміз үшінші орынды иеленсе, алтын мен күміс медальды хорваттар мен поляктар олжалады. Барлығы бұл жарыста 13 команда бақ сынады.

Естеріңізге сала кетейік, есту қабілеті нашар жандар арасындағы дүбірлі дода 2-12 нау­рыз аралығында өтті. Бұл жарыста шахмат, шаңғы және сноубордтан Қазақстанның 26 спортшысы сайысқа түсті.