Қысқы спорт • 11 Наурыз, 2024

Колмаков күміс алды

28 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы «Шымбұлақ» спорт кешенінде фристайл-могул мен шаңғы акробатикасынан Әлем кубогінің кезеңдік сайысы аяқталды.

Колмаков күміс алды

Фото: vecher.kz

Жарыстың алғашқы түрі бойынша сын­ға түскен Юлия Галышева бесінші орын­да қалып қойды. Атақты спортшымыз не­бәрі 68,58 ұпай жиды. Бас жүлдені аустра­лиялық Энтони Джакара жеңіп алды. Павел Колмаков 72,53 ұпаймен алтыншы сатыға жайғасты. Бұл бәсекеде канадалық Микаэль Кингсберидің асығы алшысынан түсті.

Есесіне параллельді могулдан өткен жарыста Колмаков жеңіс тұғырына көтерілді. Ол тек Канаданың мақтанышы, Олимпия ойындарының жеңімпазы және екі дүркін күміс жүлдегері, 8 дүркін әлем чемпионы Микаэль Кинсбергиден қалып қойып, күміс медальды еншіледі. Қола жүлде америкалық Лэндон Вендлерге бұйырды.