Басылым • 04 Наурыз, 2024

Тәлімі мол туынды

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық академиялық кітапханада техника ғылымдарының докторы, профессор Сейіт-Қасым Байбековтің «Гүн Ата» кітабының таныстырылымы өтті.

Тәлімі мол туынды

Бұл жинақтың оқырманға беретін танымдық тәлімі мол. Автор шығарма бас кейіпкерінің ба­сынан өткен қилы тағдырды көркем бейнелеген. Туындыда Мұртаза тылсым табиғаттың күшімен қару-жарақсыз, құрал-саймансыз тас дәуірінде қарт Қаратауды мекендеген жабайы адамдармен бірге бір жарым жыл түрлі қызықты басынан өткізіп, елге аман-есен оралғаны туралы шынайы баяндалған.

«Бұл кітап – Мұртазаның ауызша айтқан әңгі­месінің қоспасыз көшірмесі. Сондықтан жинақ­тың негізгі авторы – Мұртаза. Көп оқырман оның айтқан оқи­ғаларына сенбеуі мүмкін. Себебі адам сенбес шын­дықты айтсаң, ол өтірікке айналады. Ал адам сенер өтірікті айтсаң, ол шындыққа айналады. Бірақ мұн­дағы жазылған дүниенің бәрі – ақиқат», деді автор.

Іс-шара барысында Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп және тағы басқа да елімізге танымал азаматтар Сейіт-Қасым Байбековтің ғылым мен жазу өнерін қатар алып жүрген еңбекқорлығын жоғары бағалап, ізгі лебіздерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35