Аймақтар • 04 Наурыз, 2024

Алматыдағы жер сілкінісі: Қазіргі ахуал қандай, зардап шеккендер бар ма?

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі 4 наурыз сағат 11:22-де Алматы қаласында 5 балл, Жетісу облысында 2 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлады. Жер сілкінісіне байланысты жедел желілер іске қосылды, деп жазады Egemen.kz.

Алматыдағы жер сілкінісі: Қазіргі ахуал қандай, зардап шеккендер бар ма?

Фото: СМИ24

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті 11:22-де сиреналар жедел қосылып, радио-телеарналар да қамтылғанын мәлімдеді.

Жауапты мекеме зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ екенін жеткізді. Қазір мамандар жер сілкінісінің салдары туралы мониторинг, ақпарат жинап жатыр.

Жер сілкінісіне байланысты Алматы қаласы мен Жетісу облысында жедел желі іске қосылды.

Құтқару қызметі: 112 немесе 101; 8727 722 6151

Психологиялық қолдау: 8727 722 6097