Заң • 03 Наурыз, 2024

Жол ережесі өзгерді: Полиция бағдаршамның сары түсіне қатысты ескерту жасады

11746 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда полициясы бағдаршамның сары сигналына өтуге тыйым салу туралы ескертеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Жол ережесі өзгерді: Полиция бағдаршамның сары түсіне қатысты ескерту жасады

Polisia.kz сайты жазғандай, көбінесе жол-көлік оқиғалары бағдаршамның сары түсі жанып тұрған сәтте өту кезінде болады.

«Бұл ретте жүргізушілерге Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелерінің 5-тарауының 24-тармағының 3-тармақшасына сәйкес бағдаршамның сары сигналы қозғалысқа тыйым салатынын, ал жыпылықтаған жасыл шам жақын арада тыйым салу сигналы шығатынын ескертеді», делінген хабарламада.

Мұндай заңбұзушылықтарды бейнебақылау камералары автоматты түрде тіркейтін болады.

«Осыған байланысты жүргізушілерді жолда сақ болып, жол ережесін сақтауға шақырамыз. Мәселен, соңғы бір жылда 3 мыңнан аса оқиға тіркелді. Жол-көлік оқиғалары бағдаршамның тыйым салынған сигналына (қызыл, сары) өтуі, оның ішінде сары сигналына өткені үшін болған. Соның салдарынан 6 адам қаза тауып, 246 адам жарақат алған. Жыл басынан бері 400-ге жуық жол апаты тіркелді», делінген хабарламада.