Экономика • 01 Наурыз, 2024

Микробизнесті дамытуға – 50 миллион доллар

57 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

KMF пен Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігі осындай шешім қабылдады.

Микробизнесті дамытуға – 50 миллион доллар

Суретте: KMF басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов және JICA Жеке секторды қаржыландыру және серік­тес­тік департаментінің бас директоры Эйго Адзукизава

KMF – JICA Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің Қазақстан­дағы алғашқы серіктесі. Бірлескен жоба аясында бұл агенттік KMF-ке 50 млн доллар бөлмек, ал бұл қар­жы ауыл­дық жерлердегі шағын кәсіп­ті қар­жыландаруға бағытталады. JICA несие желісі бұл сектордағы инвес­ти­ция­лар көлемін ұлғайтуға және 26 мың­нан астам кәсіпкерді қолжетімді қар­жыландырумен қамтуға мүмкіндік береді.

– KMF алғаш рет JICA-мен меморан­думға қол қойды, БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға бағыт­талған ұйымның мұраты мен миссия­сы бізге жақын. Бұл – нақты сектор­ды қолдау, бизнес климатын жақсарту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтама­сыз ету. JICA арқылы қаржыландыру ауыл­дағы кәсіпкерлерге жұмыс істеп тұрған бизнестерін кеңейтуге, кірістерін арттыруға және қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік бере­тін жобаларды жүзеге асыруға бағыт­та­лады, – деді KMF басқарма төрағасы ­Шалқар Жүсіпов.

KMF клиенттерінің 70%-ға жуы­ғы ауылдық жерлерде тұрады. Ком­пания республикамыз бойынша 4 мың елді мекенді қызметімен қамтып отыр. Қызметпен қамту география­сы кез­­дейсоқ таңдалмаған, KMF стра­те­гиялық бағыттарының бірі – аймақ­тар­да қаржылық инклюзияны ілге­рі­лету. Компания мамандары бизнес­ті дамытуға арналған несиелерге қол жет­кізу кедергісіз болуы керек деп есеп­­тейді. Сондықтан клиенттер үшін қар­­жы қызметі онлайн және офлайн фор­матта қолжетімді. 700-ге жуық жеке менеджер клиенттермен, олардың бизнес орнында жұмыс істейді, ал KMF мо­бильді қосымшасында 170 мыңнан аса тұты­нушыға қызмет көрсетіледі.

– Біздің стратегиямыз ауылдағы кә­сіп­керлікті, агросекторды дамытып, ­биз­­нестегі әйелдерді қолдауға ба­ғыт­­талған. Агробағыттың өзінде 111 мың­нан аса клиентіміз бар. Ал портфе­ліміздің жалпы құрылымының 55%-ы әйелдердің үлесінде, – деді Ш.Жүсіпов.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту және өңір­лердегі бизнес-ахуалды жақ­сар­­тумен қатар KMF-те тұрақты даму тұ­жы­рымдамасына ерекше мән бері­леді. JICA сияқты халықаралық ұйым­дардың инвестициялары компанияға қаржыландыру көлемін ұлғайтуға ғана емес, сонымен қатар ESG қағидаттарын енгізуге мүмкіндік береді.

– Біз «жасыл» технологиялар сала­сындағы жобаларды іске асыруға атса­лысамыз, кәсіпкерлерге қуатты үнем­дейтін жабдықтарды сатып алып, биз­нестерін экологияға зияны тимейтіндей дамытуына көмектесеміз. ЕҚҚДБ-ның «жасыл қаржыландыру» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 2,2 млрд теңге болатын 2 мыңнан аса микрокредит бердік, – деді Ш.Жүсіпов.

Кейінгі 19 жылда KMF шетелдік ин­весторлардан 600 млрд теңгеге жуық қаражат тартты. Компания мамандары­ның айтуынша, халықаралық креди­тор­лардың сенімі KMF қызметінің ашық­тығына, сенімді беделі мен биз­несті дамытуға, оның ішінде әйел­дер кәсіпкерлігін қолдау арқылы ген­­дер­лік теңсіздікті төмендетуге ба­ғыт­талған негізгі миссиясын ұста­нуы­на негізделген. Халықаралық ынты­мақ­тастықпен қатар KMF үнемі «Даму» кәсіп­керлікті дамыту қорының несие­лен­діру бағдарламалары бойынша операторы болып, микробизнеске жеңіл­детілген қаржыландыруды ұсынып келеді.

KMF – Қазақстандағы ең ірі микро­қаржы ұйымы. 1997 жылдан бастап жұмыс істейді, микро, шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландырады. KMF-тің Қазақстан бойынша 17 филиалы және 120 бөлімшесі бар.

 

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы