Қазақстан • 29 Ақпан, 2024

Қазақстан азаматтары бірыңғай уақыт белдеуіне көшті

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметтің «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай сағаттық белдеу белгіленді (UTC+5), деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан азаматтары бірыңғай уақыт белдеуіне көшті

Фото: gov.kz

Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан бастап 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат кейінге шегерді.

Еске салайық, Қазақстанда уақытты есептеу мәселелері бойынша жұмыс тобына кірген отандық ғалымдар мен сарапшылар бірыңғай уақыт белдеуіне көшуді ұсынған еді.

Соңғы жаңалықтар

Бұрын-соңды болмаған өсімдік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ғарыштағы ЖИ деректер орталығы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Жаз маусымының бір сынағы

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Адам ДНҚ-сын құрастырады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:05

Құлжан әулетінен қалған мұра

Жәдігер • Бүгін, 08:00

Күй

Сатира • Бүгін, 07:58