Ауа райы • 24 Ақпан, 2024

Солтүстікте аяздың беті қайтады

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» осы айдың 24-26 күндері аралығында еліміз бойынша ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстікте аяздың беті қайтады

Фото: unsplash.com

Республиканың солтүстігінде аяздың беті қайтады, ал батысында антициклонның әсері сақталады, күн жауын-шашынсыз болады.

Болжам бойынша, атмосфералық фронттардың өтуімен еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын көбіне қар түрінде жауады, тұман, көктайғақ болады. Еліміздің батысындағы температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Синоптиктердің болжауынша, ауа температурасы: республиканың солтүстігі мен орталығында түнде 22-35 ℃ аяздан 10-23 ℃ аязға дейін жоғарылайды; шығыста түнде 12-22 ℃ аяздан 23-38 ℃ аязға дейін төмендейді; оңтүстік және оңтүстік-шығыста 8-23 ℃ аязға дейін төмендейді.

Соңғы жаңалықтар

Жармадан көне жәдігер табылды

Жәдігер • Бүгін, 10:49

Елдік сананың темірқазығы

ЖОЛДАУ • Бүгін, 08:45

Оралу: рух күші

Руханият • Бүгін, 08:40

«Алисаның» қазақша нұсқасы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30