Ауыр атлетика • 07 Ақпан, 2024

Ақмолда – күміс жүлдегер

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде Өзбекстанның бас шаһары Ташкентте ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Ақмолда –  күміс жүлдегер

Аталған жарыста 34 мемлекеттен келген 200-ге тарта үміткер бақ сынап жатыр. Кеше Қазақстан құрамасының қоржынына бір жүлде түсті. 67 кг салмақтағы Сайрамкез Ақмолда қоссайыстың қорытындысы бойынша 292 кг (126+166) зілтемірді еңсеріп, күміс медальды мойнына ілді. Қандасымыз тек Ри Вон Джиден ғана қалып қойды. Солтүстік Кореядан келген спортшы 317 (137+180) кг салмақты бағындырды. Таиландтың өкілі Травата Ратфета қолаға қол созды. Ол 286 кг (128+158) салмақты тік көтерді. Бұл бәсекелер 10 ақпанға дейін жалғасады.

Құрлық чемпионаты барысында Олим­пия ойындарының жүлделері сарапқа салы­натындықтан, оны тамашалау үшін Халық­аралық ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммад Хасан Джалуд, Азияның президенті Мухаммад Юсуф Аль Мана және тағы басқа лауазым иелері Ташкентке арнайы ат басын бұрды.