Ауа райы • 03 Ақпан, 2024

Елімізде жел күшейіп, бұрқасын болады

1207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер бүгін, 3 ақпанда ел  территориясында қолайсыз ауа райы болады деп болжап отыр, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде жел күшейіп, бұрқасын болады

Фото: tolqyn.kz

«Қазгидромет» РМК дерегінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен ауа райы құбылады.

«Қар жауып, бұрқасын болады, елдің батысында жаңбыр, қар түріндегі жауын-шашын түседі. Республика бойынша жел күшейіп, тұман сақталады, батыста көктайғақ болады», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.