Фото: Azattyq Ruhy сайты
Өткен жылдардағыдай, биыл да ҰБТ-да ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыттың сақталатындығын айтқан Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев: «Сонымен қатар көру қабілеті бұзылысқа ұшыраған балалардың ыңғайы үшін сызба және диаграммаларсыз сұрақтар әзірленді. Қабылданған шаралардың арқасында тестілеуге қатысатын мүмкіндігі шектеулі балалардың саны артып келеді. Егер 2021 жылы ҰБТ - ға 90 бала қатысса, 2022 және 2023 жылдары олардың саны 500 адамға жетті», деді.
Оның айтуынша, аталған бағытта жұмыстар жалғасады.
Айта кетсек, қажет болған жағдайда ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлерге ҰБТ-да пән мұғалімі емес көмекшілер ұсынылады.