Спорт • 01 Ақпан, 2024

«Тек бізде ғана». Букмекерлік компания атымен атауға қашан тоқтам салынатыны айтылды

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде дене шынықтыру және спорт мәселелеріне, сондай-ақ нормалардың артық заңнамалық регламенттелуін жоюға қатысты түзетулердің таныстырылымы өтті, деп жазады Egemen.kz төменгі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Тек бізде ғана». Букмекерлік компания атымен атауға қашан тоқтам салынатыны айтылды

Фото: mazhilis_kz

Жиынға аталған комитет төрағасы Асхат Аймағамбетов жетекшілік етті. Заң жобасын Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев таныстырды.

Елдің ішкі чемпионатынын букмекерлік кеңсе атымен атау қаншалықты  ақылға қонымды? Заң жобасын талқылау  бойынша құрылған жұмыс тобының жетекшісі депутат Нартай Сәрсенғалиев  ел чемпионатына  букмекерлік компаниялардың сұғына кіріп кеткеніне қынжылыс білдірді.

Лудоманиямен күрес, ойын бизнесін реттеу туралы заңнама әзірленетінін жеткізген  С. Жарасбаев  министрлік те ойын бизнесімен букмеркерлік компаниялардың қанат жаюын қолдамайтынын жеткізді.

«Ешбір елдің футболдан ішкі біріншілігі букмекерлік  кеңсе атауымен аталмайды. Футболдан  Қазақстан  Премьер-лигасының букмекерлік  компания атауымен аталуы дұрыс емес. Сондықтан да біз талқыланып отырған заң жобасына  букмекерлік компания атымен атауға шектеу қою  жөнінде  норма ұсынамыз», деген  Н.Сәрсенғалиев  вице-министрден ресми органның осы  нормаға қатысты ұстанымын сұрады.

Заң жобасын таныстарған Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев  букмекерлік кеңсенің ішкі біріншілік атауына телінетініне тоқтам болатынын айтты.