Алматы • 01 Ақпан, 2024

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес пен «Digital Almaty 2024» басталды

73 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді. Сондай-ақ Digital Almaty 2024 халықаралық форумы да басталады, оған ЕАЭО үкімет басшылары қатысады, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес пен «Digital Almaty 2024» басталды

Фото: Қ.Қоныспаев

Алматыға Қазақстан Премьер-министрі Әлихан Смайылов, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Премьер-министрі Роман Головченко, Қырғызстан Министрлер Кабинетінің Төрағасы Ақылбек Жапаров, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин және ЕЭК Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев келді.

Күн тәртібінде ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту, ЕАЭО-да электронды коммерцияны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, ЕАЭО елдері темір жолдарының интеграциялық өзара іс-қимылы бар.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес ЕАЭО елдеріндегі макроэкономикалық жағдайды және тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды да қарайды.

«Еуразиялық агроэкспресс» ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті теміржол және мультимодальды тасымалдау бойынша бірлескен жобаларын талқылау жоспарланып отыр.

Еске салайық, 2024 жылдың 1 қаңтарында Армения ЕАЭО төрағасы болды.

ЕАЭО елдерінің премьер-министрлері 2023 жылы Алматыда өткен үкіметаралық кеңесте:

  • ЕАЭО-да тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды мақұлдады;
  • электр энергиясын берудің мемлекетаралық қызметтеріне қол жеткізу ережелерін бекітті;
  • өнеркәсіп саласындағы мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу, қаржыландыру және іске асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізді;
  • интеграцияланған ақпараттық жүйені және ЕАЭО цифрлық күн тәртібін дамыту қарастырды;
  • Индикативті баланс жасалатын тауарлардың тізіміне өзгерістер енгізді.

Осы тұста «Еуразиялық Агроэкспресс» бірлескен жобасы «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі бойынша тасымалдауды қамтитынын атап өткен жөн.

ЕЭК пен ТМД Атқару комитеті ынтымақтастықты тереңдету бойынша 2023-2025 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Digital Almaty 2024 форумында не болады?

1-3 ақпан аралығында өтетін іс-шараға 50 мыңнан астам қатысушы мен 200-ден астам спикер қатысады деп жоспарланып отыр. Олар цифрлық үкімет, индустрия, бизнес, озық технологиялар салаларындағы өзекті мәселелерді талқылайды.