Ауа райы • 30 Қаңтар, 2024

Синоптиктер ескертеді: елдің басым бөлігінде екпінді жел соғады

258 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Синоптиктер елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп жазады Egemen.kz.

Синоптиктер ескертеді: елдің басым бөлігінде екпінді жел соғады

Фото: Stan.kz

Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.

Атырау облысының басым бөлігінде бұрқасын, күндіз облыстың шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. 

Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп болжанып отыр. 

Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с, Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. 

 

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының түнде оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында бұрқасын. Жел батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с жел күтіледі. 

Астанада күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз облыстың тау асуларында екпіні 23-28 м/с.

Шымкентте кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.