Қазақстан • 30 Қаңтар, 2024

«Air Astana»-ны IPO-ға шығару талқыланды

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында «Air Astana» әуе компаниясын IPO-ға шығару мәселелері талқыланды.

«Air Astana»-ны IPO-ға шығару талқыланды

IPO Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жос­парын жүзеге асыру аясында биыл өтуге тиіс екені айтылды. Бүгін­де «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Air Astana» компаниясы халықаралық кеңесшілермен бірге үлкен дайын­дық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жиында қаралған өзекті мәселе – биыл 29 қаңтар мен 8 ақпан ара­лы­ғында жоспарланған өті­ніштерді қа­был­дау үдерісін бастау үшін ком­па­нияның бір қарапа­йым акциясы мен бір ғалам­дық депозитарлық қолха­тының баға диапазонын анықтау.

Естеріңізге сала кетейік, IPO (Initial Public Offering) – инвес­тиция тарту мақса­тын­да компания акцияларын қор бир­жасында бастапқы орналас­тыру. IPO кезінде компания ашық ай­на­лымға акция­ларын шығарады, олар­ды инс­­титуционалды инвес­торлар да, жеке инвесторлар да сатып ала алады.

 

Соңғы жаңалықтар

Тағы да тариф туралы

Мәселе • Бүгін, 08:55

Баспана салу бәсеңдеген жоқ

Құрылыс • Бүгін, 08:48

Адам құқын қорғау әлеуеті

Құқық • Бүгін, 08:38

Заманымыздың заңғар тұлғасы

Руханият • Бүгін, 08:35

Қайтқан қаржы әділ бөлінеді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:33