Аймақтар • 26 Қаңтар, 2024

Алматыда қай үйден пәтер алмаған жөн?

785 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әкімдік Алматыда сатып алуға ұсынылмайтын тұрғын үй кешендерінің тізімін жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда қай үйден пәтер алмаған жөн?

фото: malim.kz

Аталмыш тізімге 45 тұрғын үй кешені енгізілген.

Бұл тұрғын үй кешендерінде құрылысқа рұқсат құжаттарының толық пакеті жоқ.

Айта кетейік, тізімге құрылысы әлі басталмаған, рұқсат құжаттары жоқ нысандар енгізілген. Алматылықтардың әлеуметтік желідегі пікірлері ескеріліп, тұрғын үй кешендерінің тізімі жаңартылды.

н

«Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын Алматы қаласының құрылысын бақылау басқармасының WhatsApp ақпараттық арнасы арқылы сізде тұрғын үй кешеніне құжаттардың толық пакеті бар екеніне көз жеткізуді ұсынамыз: +7 705 89 66 000», деп хабарлады әкімдік.