Мәдениет • 26 Қаңтар, 2024

Елордада «Алдар көсе» мюзиклы өтеді

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27-28 қаңтар күндері Астанада «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында «Алдар көсе» мюзиклы өтеді, деп жазады Egemen.kz ұйымның баспасөз қызметіне  сілтеме жасап.

Елордада «Алдар көсе» мюзиклы өтеді

Фото: qazaqconcert.kz

«Алдар көсе» мюзиклының премьерасын 2022 жылдың желтоқсан айында «Astana Musical» мемлекеттік театры ұсынған еді.

Қойылымның сюжетінде қазақ халқының жарқын, қызықты және тағылымды көрінісі баяндалады. Сондай-ақ мюзикл халық батырының мәңгілік бейнесін жасауға, мықты тұлға ретінде қалыптастыруға, адамгершілік-рухани құндылықтарды, даналық пен тапқырлықты дәріптеуге бағытталған. Басты кейіпкер кедейлерді зұлымдық пен сараң байлардан қорғап жүреді. Әрі шапшаң, әрі жүйрік Алдар көсе үнемі қиын жағдайлардан шығып кетуге тырысады. Бұл жолы оқиға кейіпкеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі, өйткені халықты Тағай ханның әділетсіз билігінен аман алып қалуы тікелей өзіне байланысты. Ол барлық қиындықты жеңе ала ма, өткір ақылы мен ептілігіне бұл жолы қаншалықты сенім артатыны баяндалмақ.  

Мюзиклдың қоюшы-режиссеры – «Astana Musical» мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазин, қойылымның авторлары – Ефрат Шарипов, Шыңғыс Маман, Есләм Нұртазин, Әннәс Бағдат, композитор – Ербол Нариманұлы, Ақжол Өмірзақов.