Спорт • 23 Қаңтар, 2024

«Семей» футзал клубы бразилиялық шабуылшымен келісімшартқа отырды

116 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Семей» футзал клубы бразилиялық спортшы Лукас Матеус де Кампоспен келісімшарт жасады. Клуб үшін бұл Латын Америкасынан келген ойыншының бесінші трансфері, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Семей» футзал клубы бразилиялық шабуылшымен келісімшартқа отырды

Фото: «Семей» ФК

21 жастағы шабуылшы бұған дейін Чопинзиньо, Эс Мадурейра және Пинда сияқты клубтарда ойнаған. Сондай-ақ Лукас Матеус де Кампос 2019 жылы Кариока Чемпионатында және BR кубогінде жақсы өнер көрсетті, 2022 жылы Бразилия кубогінің арнайы дивизионы атағына ие болды.

«Мен бұл командаға қосылуға мүмкіндік алғаныма өте қуаныштымын және команда мені жылы қабылдап, алғашқы кездесуде жағымды әсер қалдырды. Мен Қазақстанда ойнап жүрген бразилиялық футзалшылармен хабарласып, біз Семейде жаңа жобаны талқыладық. Бұл мен үшін өте үлкен мүмкіндік және команда өте маңызды сәттің алдында тұрғанына сенімдімін. Мұндағы басты мақсатым - Қазақстан чемпионы болу. Менде қазір мотивация, ниет бәрі бар және мен осы мақсатқа жету үшін бар күшімді салуға дайынмын», деді Лукас Матеус де Кампос.

о

«Семей» ФК спорт директоры Аслан Смақовтың айтуынша, Лукаспен келісімшарт 2,5 айға созылған. Мұқият талдаудан кейін ғана құжатқа қол қойылған.

«Дайындық барысында біз оның ойын дағдыларын мұқият зерттедік, шабуылда да, қорғаныста да оның өнерін талдадық, паркетте де, күнделікті өмірде де оның мінез-құлқын бағаладық. Біз сондай-ақ медициналық көрсеткіштерді, статистиканы және біз үшін маңызды санаттардың бірі - ойыншының адами қасиеттерін ескердік. Біздің клуб жаңа ойыншыларды таңдау кезінде команданың құндылықтары мен мәдениетіне сәйкестікке баса назар аударады», деді Аслан Смақов.

ш

Айта кетейік, «Семей» футзал клубы жарты жыл бұрын құрылды. Клуб беделді Қазақстан кубогінде күміс медальдарға қол жеткізіп үлгерді. Қазақстан чемпионатында «Семей» футзал клубы турнир кестесінде үшінші орынға тұрақтап, клубтың ерекше деңгейін көрсетті. Қазіргі уақытта футзал клубы футзал аренасына кіріп қана қоймай, бірден ұлттық жарыстарда жоғары орындар үшін күресуге қабілетті қарқынды қарсыласқа айналды.