Елорда • 16 Қаңтар, 2024

Әуежай арқылы 160 мың долларды алып өтпек болған жолаушы анықталды

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана халықаралық әуежайының Авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ұшу алдындағы тексеру жұмыстары барысында 160 000 АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты шетелге алып өтпек болған жолаушыны анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуежай арқылы 160 мың долларды алып өтпек болған жолаушы анықталды

Фото: tengri travel

Әуежай қызметкерлері жолаушыны аталған қаражатпен бірге құзырлы органға тапсырды.

Естеріңізге салайық, Президенттің 2022 жылғы 14 наурыздағы Қазақстанның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Жарлығына сәйкес 10 000 АҚШ долларының баламасынан асатын сомада қолма-қол шетел валютасын әкетуге тыйым салынады.