Қоғам • 11 Қаңтар, 2024

Биыл Құрбан айт мейрамы қашан тойланатыны белгілі болды

2501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2024 жылға арналған діни мерекелердің күнтізбесін жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Биыл Құрбан айт мейрамы қашан тойланатыны белгілі болды

Фото: 5kanal.kz

Мүфтият бекіткен кестеге сай мың айдан да қадірлі Рамазан айы Наурыздың он бірі күні басталады. 

10 сәуір ораза айты болады.

Ал қасиетті Қадір түні 5 сәуірден 6 сәуірге қараған түн делінген.

Күллі мұсылман үшін ортақ Құрбан айт мейрамы 17-19 маусым аралығында тойланады.

Айта кетейік, ҚМДБ «Хижри айларының басталуы халықаралық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Алайда, діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін», деп ескертеді.

аа