Аймақтар • 10 Қаңтар, 2024

Үйірмелердің үйретері көп

64 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында бүгінде 1 500-ге жуық оқушы қосымша білім алады. Түрлі үйірмелер мен авторлық жобаларға қатысатын оқушылардың арасында 86 «Алтын алқа», 210 «Күміс алқа» иегерінің, 68 толық емес отбасы, 5 ерекше бала, 67 атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының балалары бар.

Үйірмелердің үйретері көп

Мекеме басшысы Ин­дира Икапованың айтуынша, Оқушылар сарайы не­гізгі үйірмелерден бөлек, рес­­публикалық деңгейдегі ав­торлық жобаларды қолға алған. Соның бірі – «Jas talant» республикалық онлайн-конкурсы. «Оқушылар са­райының ұйымдастыруымен ІІІ республикалық «Jas talant» онлайн байқауы өтті. Конкурс Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Халықаралық туризм және меймандостық университеті, М.Әуезов атындағы ОҚУ-мен жасалған меморандумдар аясында білім беру мекемелерінің бітіруші оқушылары мен бітіруші колледж студенттері арасында өтті. Осы орайда 80-ге жуық өтініш келіп, үздік деп танылған 20 қатысушыға оқу орындарының гранттары мен түрлі жеңілдіктер берілді. Сонымен қатар облыстағы көп­балалы, әлеуметтік жағ­дайы төмен, мамандығы жоқ әйелдер үшін «Ісмер ана» жобасы жұмыс істеп тұр. Жобаға қатысушылар Оқушылар сарайының тігін шеберханасында «Киім мо­делін жобалау» үйірмесінде тігін өнерін меңгереді. Қазіргі таңға дейін 40-қа жуық ана білім алды. Жобаға қатысқан Ж.Жанболатова 1 млн 200 мың, ал Г. Утепова шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 3 млн теңге көлемінде «Ата­мекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының грантын жеңіп алып, өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр», дейді Индира Сар­қыт­қызы. Оқушылар сарайы қызметкерлері еліміздің басқа өңірлерінде де көпбалалы аналар мен кәсіптері жоқ әйел­дердің әлеуетін арттыруға, құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған осы жобаның басталуына көмек­тесуді мақсат етіп отыр.

папр

Сонымен қатар Оқушылар сарайында «Unisat» – білім беру хабы, «Qumyra» – қыш өнері және «Kade» жобасы қолға алынған. Мысалы, «Kade» жобасы аясында өңірде жасалатын құмыра, қолөнер бұйымдарын, шапандар мен тақияларды және басқа да ұлттық нақыштағы заттарды сатылымға шығарып келеді. Одан бөлек, орталықта кішкентай балаларға арналған интеллектуалдық «Danyshpan Education» дамыту ойындары бар.

 

ТҮРКІСТАН