Қазақстан • 09 Қаңтар, 2024

«Қазақстанда бұрын-соңды болмаған»: Автобусты экскаватормен қазып шығарамыз – министр

6084 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Павлодар облысындағы «Майқайыңалтын» АҚ-ның алтын кенішіндегі ойыққа түсіп кеткен автобусты шығару жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстанда бұрын-соңды болмаған»: Автобусты экскаватормен қазып шығарамыз – министр

Фото: Павлодар облыстық ТЖМ

Министр автобусқа дейін 5 метр қалғанын, оған өте баяу түсу қажеттігін, ең бастысы – құтқарушылар мен ойықты аршып жатқан жұмысшылардың қауіпсіздігі екендігін атап өтті.

«Бұл – оңай шаруа емес. Нақты мерзімін айту қиын. Себебі құтқару жұмыстары қайта-қайта үзіліп қалып жатыр – аумақты сканерлеп, қауіпсіздігіне көз жеткізіліп тұру керек. Автобусты, бір құтқарушы мен жүргізушіні міндетті түрде алып шығамыз», деді ол Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте.

Сырым Шәріпханов құтқарушылар бұндай жағдайға алғаш рет тап болғанын айтты.

«Қазақстанда бұрын-соңды болмаған ерекше жағдай. Сондықтан тәжірибеміз жоқ, әлемдегі тәжірибелерді зерттеп жатырмыз. Әуеден көтерудің ықтималдылығы аз. Бұл жерде жер қыртысын аршып, автобусқа жетіп алу қажет. Ал жер қыртысын аршу үшін экскаватор және басқа техникаларды пайдалану керек», деді министр.