Футбол • 07 Қаңтар, 2024

Қазақстандағы ең қымбат футболшылар кімдер?

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Transfermarkt футбол порталы еліміздегі ең қымбат аяқ доп шеберлігінің аты-жөнін жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстандағы ең қымбат футболшылар кімдер?

Тізімнің көш басында Қазақстан ұлттық құрамасы мен шымкенттік «Ордабасы» клубының капитаны, жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген тұр. Оның бағасы - 900 мың еуро. Екінші орында  800 мың еуроға бағаланған «Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы Максим Самородов. 

Ұлттық құрама шабуылшысы, «Астана» сапындағы Абат Айымбетов 800 мың, «Ордабасы» клубының футболшысы Темірлан Ерланов  700 мың еуроға бағаланған.

Ал бағасы 600 мың еуро деп көрсетілген футболшылар тізіміне Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Бекхан Шайзада мен Сергей Малый («Ордабасы») енеді.