Елорда • 29 Желтоқсан, 2023

Астанада ақтүтек. Жолдар жабылып, автобус қатынасы тоқтатылды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада жел күшейіп, ақтүтек боран соғып тұр. Осыған байланысты синоптиктер дауылды ескерту жасады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада ақтүтек. Жолдар жабылып, автобус қатынасы тоқтатылды

Астанада бұрқасын болып, жолдың көрінуі нашарлады. Қазгидромет мамандары желдің екпіні 28 м/с дейін жеткенін мәлімдеді. 

«Астанадағы ақтүтекке байланысты:

- Астана – Петропавл (Астана – Щучье учаскесі)
- Астана – Қорғалжын тас жолы жабылды.

Қала маңына қатынайтын №305, 308, 309, 310, 312, 313, 315, 316, 327, 328, 329 маршруттары да тоқтатылды», деп хабарлады CTS компаниясы.