Елорда • 29 Желтоқсан, 2023

Елордада автобустар мереке күндері қалай жұмыс істейді

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына қарасты «City Transportation Systems» ЖШС алдағы мереке күндері елордада қоғамдық көліктер қалай жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада автобустар мереке күндері қалай жұмыс істейді

Фото: ашық дереккөз

Компания мәліметінше, 30-31 желтоқсан күндері автобустар демалыс күнінің кестесі бойынша 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

1 қаңтар таңғы сағат 06:00-ден 10:00-ге дейін автобустардың 50%-ы шығады, 10:00-ден кейін толық кестеге сәйкес сағат 23:00-ге дейін жүреді. Ал 2 қаңтар сенбі күнінің кестесі бойынша 06:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. 

3-12 қаңтар аралығында қалалық қоғамдық көліктің жұмысы сенбілік кесте бойынша жүргізіледі. 3 қаңтардан қала маңы бағдарлары бекітілген кестеге сәйкес (апта күніне сәйкес) жүреді.