Алматы • 28 Желтоқсан, 2023

Алматыдағы Аяз ата шеруі

101 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қуанышы мен қиындығы қайшыласқан Қоян жылын шығарып салуға санаулы күндер қалды. Әдеттегідей, әлбетте, келер жылдан да тек жақсылық күтеміз. Желтоқсанның жаңбыры мен ызғары жағаласып жатса да, жұрт Жаңа жыл мерекесінің лебін сезініп отыр.

Алматыдағы Аяз ата шеруі

Ал Алматыда Аяз аталардың шеруі өтті. Ертегі әлемінен келген кейіп­керлер шаһар көше­лерін шаттыққа бөлеп, қала тұрғын­дары мен қонақтарына жақсы тілек­терін төкті.

Аяз аталар басты жаңа жыл­­дық шырша орнатылған Абай алаңынан бастап, Достық даң­­ғылымен Қа­банбай батыр көше­сіне дейін ше­рулетіп, содан кейін Панфилов кө­шесімен жүріп, «Астана» ала­ң­ына дейін барса, бұл орын бекер таңдалмаған, дәл осы жерде 31 желтоқсанда басты жаңажылдық концерт өтеді, содан кейін жаңа­жылдық отшашу басталады.

апр

«Біз балаларды шаттандыра алғанымызға қуаныштымыз. Қала тұрғындары мен қонақтары шеруге қатысушылармен суретке түсіп, сұрақтарға жауап бе­ріп, өлеңдер айтып, сыйлықтар, тәт­тілер алды. 60 адамнан тұратын Аяз ата шеруін біз екінші жыл қа­тарынан өткізіп келеміз және бұл Жаңа жыл қарсаңында жақсы дәстүрге айналып отыр», дейді Алматы қаласы мәдениет бас­қармасының өкілдері.

21 желтоқсаннан бастап Абай атындағы және «Ас­тана» алаңдарда күн сайын өнер өкілдерінің, live-бэндтер мен диджейлердің, ани­маторлардың қаты­суымен концерттер, бай­қау­лар толастаған жоқ. 27-31 жел­тоқ­сан аралығында жаңажылдық қысқы фестиваль аясында қаланың әр ауданында концерттер ұйымдастырылады, онда Кенжебек Жанәбілов, Мөлдір Әуелбекова, Өмірқұл Айниязов, Әлішер Қо­нысбаев, Райым Уайс, Абай Бегей, Асхат Тарғын, Altair & Abbi, Нұр­мұхаммед Жақып, Мұхтар Ханзада, Нұрсұлтан Нұрбердиев, Ақбота-Нұр, Жандос Қаржаубай, Жігер Ауыпбаев, Се­рік Ибрагимов, Алтынбек Тә­шім­бетов сынды әртістер өнер көрсетеді.

Өз кезегінде Қазақ мемле­кет­тік циркі 2024 жылдың 14 қаңтарына дейін Golden Dragon бағдарламасымен балалардың қыс­­қы демалысын барынша қы­зықты өткізуге барын салады.

Ал Мемлекеттік қуыршақ теа­трында «Жарқырай түс, Жаңа жыл!» атты бағдарлама қойы­лымы басталды. Жаңажыл­дық думаннан Республика сарайы да қалыс қалмай, «Мұзды жү­рек» ойын-сауық-танымдық бағдарламасын ұсынса, 3-4 қаңтарда Мұрат Мұ­тыр­ғановтың «Еліміздің үздік жаңажылдық шоуы» салтанат құр­мақ. Ал басты жаңа жылдық тегін концерт 31 желтоқсан күні «Астана» алаңында өтеді.

 

АЛМАТЫ