Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2023

Қостанайда 10 көлік бір-біріне соқтығысты

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қостанайда қатты жел соғып ауа райы қолайсыз болып тұр. Соның салдарынан бір мезетте 10 көлік соқтығысып, ірі жол апаты болды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қостанайда 10 көлік бір-біріне соқтығысты

коллаж: Kazinform/ Қостанай облысы ПД

Жол апатынан қаза болғандар жоқ, бір адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген.

«26 желтоқсан күні сағат шамамен 11.10 кезінде Қостанайдағы Абай даңғылы бойындағы «Астықжан» сауда үйінің маңында 10 көлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы болды. Қазіргі уақытта оқиға орнынан бір адам медициналық мекемеге жеткізілді. Жол-көлік оқиғасының себебі анықталып жатыр», делінген облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Өңделген өнім үлесі артып келеді

Экономика • Бүгін, 10:00

Көк паспорттың қадірі

Қазақстан • Бүгін, 09:50