Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2023

Туған анасына алаяқтық жолмен несие алдырған

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлда колледж студенті туған анасын 1 млн теңгеге алдады деген күдікке ілінді. Өзі алмаған несиені төлеу туралы хабарлама келгенде әйел  полицияға жүгінген, деп жазады Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Туған анасына алаяқтық жолмен несие алдырған

Қаңтар айында Петропавл тұрғынына өзі алмаған ірі сомадағы несиені төлеу туралы хабарламалар келе бастаған. Мұны көрген әйел дереу полиция басқармасына жүгінген. Несиені кім алуы мүмкін екені туралы еш болжам болмаған. Жедел уәкілдер түрлі сұрақтар қойған кезде, оның есіне 16 жастағы ұлы өткен жылдың желтоқсан айында сайттардың бірінде тіркелуді өтінгені, сол арқылы емтихан жауаптарын алуға болады деп өтініш білдіргені есіне түсті. Жасөспірім сайтта екі адамды тіркелсе нақты бағасы жеңілдетіледі деген ұсыныс болады деп анасын алдап соққан.

Ал тіркеу процедурасында адамның фото және бейневерификациядан өтуі қажет болған. Алданғанын түсінбеген әйел «басты солға, оңға бұру» деген сияқты автоматты боттың талаптарын орындап шыққан.

«Осы процедура арқылы жәбірленушінің атына 1 миллион 180 мың теңге көлеміндегі несие ресімделгені анықталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қазіргі уақытта тергеу аяқталуға жақын, тергеушілер іс материалдарын сотқа жіберуге дайындалып жатыр», деді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Иван Терзиди.