Құтқарушы • 23 Желтоқсан, 2023

ТЖД-нің қызықты құтқару оқиғалары: «Кішкентай кепілдер», «Экстремалды фото», «Сақина» операциясы

134 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының ТЖД қызметкерлері биыл 215 адамды құтқарып, түрлі төтенше жағдайларға тап болған 410 адамды эвакуациялаған. 65 балаға көмекке келген. 32 ауыр науқас пен қозғалуы қиын азаматтарды тасымалдауға жәрдемдескен. 59 жануарды құтқарған. ШҚО ТЖД оқиғалар арасынан қызықтыларын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

ТЖД-нің қызықты құтқару оқиғалары: «Кішкентай кепілдер», «Экстремалды фото», «Сақина» операциясы

«Кішкентай кепілдер»: 65 бала жабылып қалған есіктің артында қалған. ТЖлықтардың уақытылы көмегі балаларды қиындықтан құтқарды. Сонымен қоса Өскеменде абайсызда автомобиль салонының есігі жабылып қалып, оның ішінде бір жасар бала қалып қойып, анасы «112» қызметінен көмек сұраған. Сондай-ақ Риддерде қыз бала ағашқа өрмелеп шығып, кері түсе алмай қатты қорқып, жылап отырған кезде 14-ӨСБ құтқарушылары 8 метр биіктікке көтеріліп, баланы қолына алып, жерге түсірді. Сонымен қатар, Шемонаиха ауданында 28-ӨСБ қызметкерлері ауырсына жылаған балаға жәрдемдесті, өйткені оның саусағы білік пен ойын алаңындағы карусель мойынтірегінің арасына қысылып қалған еді. Сондай-ақ төрт жасар баланың саусағы кір себетінің саңылауына жабысып қалып, ТЖ қызметі құралдардың көмегімен баланың саусағын босатты.

«Экстремалды фото»: Риддер қаласында бір топ достар таулы-орманды жерге барып, олардың бірі әдемі көріністі суретке түсу үшін биік ағашқа өрмелеуді жөн көрген. Алайда аяғы тайып, құлап, ауыр жарақат алған. 1-МӨСБ қызметкерлері оны таудан жедел жәрдем көлігіне дейін зембілмен тасымалдады.

ШҚО ТЖД

«Сақина» операциясы: 12 айдың ішінде 22 адам саусақтарынан сақиналарды шешіп тастай алмай құтқарушылардан көмек сұраған. Көмек дәл уақытылы болған, өйткені оған дейін олардың көбі жағдайды ушықтырып жіберген екен.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024