Елорда • 21 Желтоқсан, 2023

Астанада жаңа жылдық отшашу бола ма?

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов  Астана және Алматы қаласында дәстүрлі жаңа жылдық отшашуды атқылайтын қауіпсіз жерлер анықталып жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Астанада жаңа жылдық отшашу бола ма?

«Әрине, дәстүрлі жаңажылдық отшашу болады. Сонымен қатар 24-28 желтоқсан аралығында жаңажылдық ертеңгіліктер, оның ішінде облыс, республикалық маңызы бар қалалар және Астана әкімдерінің қатысуымен өтеді. Ал президент шыршасы алдын ала 29 желтоқсанға жоспарланған», деді Рамиль Камалов.

Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы отшашу кезіндегі қауіпсіздікті сақтау, оқыс оқиғалардың алдын алу үшін жылжымалы арнайы техника, кезекші бригадалар мен инженерлік-инспекторлық қызметкерлердің іс-шаралар жоспары мен тиісті кезекшілік кестесі жасалатынын жеткізді.