Қылмыс • 21 Желтоқсан, 2023

Танысын өлтірген күдіктілер екі ай өздері қазған жерге жасырынып келген (видео)

5580 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы полицейлері осы жылдың қазан айында танысын өлтіріп, қылмыс ізін жасыру үшін денесін өртеп жіберген 22 және 33 жастағы екі ер адамды ұстады, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Танысын өлтірген күдіктілер екі ай өздері қазған жерге жасырынып келген (видео)

Фото: Polisia.kz

Олар Алматы – Астана тас жолынан 2 шақырым жерде орналасқан орынды қазып 2 айға жуық сол жерде жасырынған.

«Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Күні кеше күдіктілердің тұрған жері белгілі болды: олар осы уақыт бойы Алматы – Астана тас жолынан 2 шақырым жерде орналасқан орынды қазып, (көлемі 3х1,3 м, биіктігі 1,7 м) сол жерде жасырынып жүрген. Онда күдіктілер өздеріне арнайы баспана жасап, тамақтанатын орын жасап қойған. Олар өздерінің танысын өлтіргендерін мойындады. Күдіктілер қамауға алынды», деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Полиция басқармасы қылмысқа қатысты өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейтінін,  Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналатынын ескертеді.