
Алматылық және шымкенттік құқық қорғаушылар бірігіп, Марленнің тұратын жерін анықтаған. Тауып алып, оны кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығына өткізген. Ана мен бала осы жерден қауышты.
«Таза ауа жұтып, достармен кездесу үшін сыртқа шығамын. Үйде отыра бермеймін ғой. Барлық ауыртпашылықты маған түсірмей-ақ қойсын. Кір жуасың, үй жинайсың, балаларға қарайсың, тамақтарын бересің. Жұмыс көп қой. Соның барлығы шаршатты. Үйге көмектесемін, бірақ бәрін артпауы керек. Ойнауға тек бір сағат береді. Ол жолға кетеді. Өгей әкем мені жұмсай бермесе екен», деп жазды Марленнің сөзін Massaget.kz.
Шымкентте көлік жуу орталығында жұмыс істедім.
«Жасым 16-да деп өтірік айттым. Күніне 10 мыңнан асатын айлық алдым. 5-6 көлік жуатын едім. Шілдеден бастап қазірге дейін жұмыс істедім. Айлықтың бәрі ішіп-жеуге кетті. Істеген ісіме өкінемін. Шымкенттен Алматыға келгім келмеді. Егер анам іздемесе, жүре беретін едім. Негізі көмектескім келді, бірақ көмектесе алмадым», деді ол.
Бағдарлама соңында анасы ұлына үй жұмыстарын көп артпайтынын айтты. Марленге арнайы қайырымдылық қордан ақшалай сыйлық берілді.