Тағайындау • 19 Желтоқсан, 2023

Энергетика вице-министрі тағайындалды

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет қаулысымен Сұңғат Қуатұлы Есімханов Энергетика вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Энергетика вице-министрі тағайындалды

Фото: Үкімет

Сұңғат Есімханов 1973 жылы Павлодар облысында дүниеге келген.

Павлодар мемлекеттік университетін, Қарағанды «Болашақ» өзекті білім беру институтын бітірген.

1996-2000 жылдары аралығында «Алюминий Қазақстан» АҚ гидрометаллургиялық цехында еңбекті қалыптастыру бойынша инженер, экономист болып жұмыс істеді.

2001-2004 жылдары аралығында Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелесікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінде жетекші маманның міндетін атқарушы, бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысы қызметтерін атқарды.

2004-2007 жылдары — Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау агенттігінің құрылымында жұмыс істеп, әр жылдары Маңғыстау және Қарағанды облыстары бойынша департаменттерде директор болды.

2008 жылы — «Қаныш Сатпаев атындағы арна» РМК бас директорының орынбасары.

2008-2010 жылдары — Павлодар облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы, басқармасы басшысы.

2010-2013 жылдары — «Қазақэнергосараптау» АҚ президенті.

2013-2014 жылдары — Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті директорының міндетін атқарушы, департамент директоры.

2014-2018 жылдары — Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасы.

2018-2020 жылдары — Энергетика вице-министрі.

2020-2021 жылдары — Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2021-2022 жылдары — «Самұрық-Энерго» АҚ  басқарма төрағасы.

2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Сондай-ақ Үкімет қаулысымен Жандос Демесінұлы Нұрмағанбетов энергетика вице-министрі қызметінен босатылды.