Өнер • 16 Желтоқсан, 2023

Димаш әйгілі телешоуда қазылық етеді

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал әнші, қазақтың бренді, мақтанышымыз Димаш Құдай­бер­ген «Виртуози» телешоуында атақты тенор Пласидо Домин­го­мен бірге қазылар құрамына енгенін мақтанышпен жазды. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады.

Димаш әйгілі телешоуда қазылық етеді

«1999 жылы үйде  ұлы тенор­дың концертінің 3 кассетасы бо­латын. Содан жылдар өткен соң ұлы Пласидо Домингомен бірге Еуропадағы ең қызықты «Виртуози» телешоуының қазылар алқасының мүшесі болып жұмыс істейтінімді елестете де алмадым. Бұл жас талантты сайыскерлерге нағыз жұлдыз болуға тамаша мүмкіндік. Барлық сайыскерге және қазылар алқасына сәттілік тілейміз. Пласидо Доминго, шақыртуыңыз үшін рахмет», деп жазды Димаш Құдайберген.