Елорда • 15 Желтоқсан, 2023

Тәуелсіздік күні: Астанада «Шаһар шежіресі» атты көрме ұйымдастырылды

78 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Тәуелсіздік күні мен Астана қаласының 25 жылдығына арналған «Шаһар шежіресі» атты көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәуелсіздік күні: Астанада «Шаһар шежіресі» атты көрме ұйымдастырылды

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Көрмеге қалалық мемлекеттік архивте сақталған елорда тарихы туралы құжаттар мен фотосуреттер қойылды.

«Халқымыздың бай тарихын енді жастар жалғастыруы керек. Қаламызда қаншама қазақ мектептері ашылып жатыр. Кезінде соғыстың алдында 5-6 қазақ мектебі болды, тың игеру кезінде жалғыз қазақ мектеп-интернаты қалды. Қазір қаламыз жоғары қарқынмен өсіп жатыр. Бұрын тұрғындардың 70-80 пайызы қазақ болса, тың игеру кезінде 10 пайызға дейін түсіп қалды. Бүгінде бас қаламыздағы жергілікті ұлттың үлесі 90 пайызға жетті. Қала тұрғындары 200 мыңнан бастап 1,5 млн өсті», деді көрменің ашылуында сөз сөйлеген Марат Әбсәметов.

л

Жиналған көпшілік алдында сөз сөйлеген ғалым ел азаматтарын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Айта кетсек, «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығындағы осындай маңызы бар көрме 3 күн бойы қала тұрғындарына есігін айқара ашпақ. Оларды архив қызметшілері көрмеге қойылған құнды деректермен таныстыратын болады.

ш

Көрменің ашылуына қалалық архив басшысының орынбасары Төлеуғали Қышқашбаев, өзге де тарихшы ғалымдар, қала тұрғындары қатысты.

шл