Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2023

Тәуелсіздік күніне орай қанша күн демалыс беріледі?

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл 16 желтоқсан − Тәуелсіздік күні сенбіге сәйкес келіп тұр, сол себепті демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тәуелсіздік күніне орай қанша күн демалыс беріледі?

Халқымыз 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Мереке сенбіге сәйкес келгендіктен демалыс күні 18 желтоқсан, дүйсенбіге ауыстырылады. Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 16, 17, 18 желтоқсан күндері демалады. Ал, аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күндері 16 және 17 желтоқсанда болады.

Еске салайық, синоптиктер мереке күндері елімізде қандай ауа райы болатынын болжаған болатын.