Қоғам • 14 Желтоқсан, 2023

1 қаңтардан бастап мобильді аударымдарға шектеу қойылады

10880 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа жылдан бастап мобильді аударымдарға шектеу қойылады. Пилоттық жоба шеңберінде 3 айдың ішінде бір картадан тек қана 100 аударым ғана тегін жасауға рұқсат етілмек, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

1 қаңтардан бастап мобильді аударымдарға шектеу қойылады

Фото: ашық дереккөз

Кәсіпкерлік қызмет сипатындағы мобильді аударымдарға салық салуды қамтамасыз етуді көздейтін заң жобасы өткен жылы қабылданған. Бұл шараның негізгі мақсаты «көлеңкелі экономиканың» үлесін азайту.

Сондықтан кәсіпкерлер арнайы карта, шот ашып кәсібін заңдастыруға міндеттеледі. Бұл өз кезегінде салық төлеуге негіз болмақ.

Қаржы министрінің мәліметінше, ұялы телефон арқылы жиі ақша аударатын тұлғалар бақылауға алынып, тексеріледі. Бұл санатқа тәуекел бизнесі бар адамдар яғни, дүкен, такси және т.б. яғни тікелей бизнеспен айналысатын азаматтар жатады.

Айта кетерлігі, туыстары немесе әріптестері арасындағы аударымдарға салық салынбайды.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35