
Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Астанада 13 желтоқсан күні ауа температурасы 33 градусқа дейін күрт төмендейді деп болжанып отыр.
«Қала тұрғындары мен қонақтарының жарақаттануы мен үсіп қалуын болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды және көшеде ұзақ уақыт болмауды сұраймыз», делінген ақпаратта.