Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2023

Солтүстік Қазақстанда әкімдіктің ғимараты өртке оранды

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының Воскресеновка ауылында әкімдіктің ғимаратын жалын шарпыды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Солтүстік Қазақстанда әкімдіктің ғимараты өртке оранды

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында өткен түнде екі ауылда ірі өрт болды. Ауылдық әкімдік ғимараты мен тұрғын үй өртеніп кетті. Түнгі сағат бір шамасында Мамлют қалалық өрт сөндіру бөлімінің орталық пультіне Воскресеновка ауылында әкімдік ғимаратының пеш жағатын бөлмесінен өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Пеш жағатын бөлмеден шыққан өрт әкімдік ғимаратына тарады. Өрт сөндірілді, қазір оның себебін анықтау бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Болжам бойынша, пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу себеп болған», - деді облыстық ТЖД басшысының орынбасары Дмитрий Растихин.

1950-60 жылдары салынған әкімдік ғимараты толығымен ағаштан салынғандықтан, бірден жанып кеткен. Өрт сөндірушілер құрал-жабдықтарды эвакуациялап, компьютерлерді, кеңсе техникаларын, құжаттарды сыртқа алып шықты. Ғимаратта әкімдіктен бөлек пошта бөлімшесі болған. Шамамен 80 шаршы метр аумақ өртенген.

Сонымен қатар сол түні Шал ақын ауданы, Семиполка ауылында да өрт болды. Өрт сөндірушілер келген кезде іштен кілтпен жабылған үйді толығымен өрт шарпыған. Көршілердің айтуынша, үйде ер адам мен әйел болған.

«Сағат 9:30-да өрт сөндірілді, оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазір бір адамның сүйегі табылды, іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», - деді ТЖД өклі.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15