Елорда • 12 Желтоқсан, 2023

Астанада 11 күнде 14 көлік өртеніп кетті

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауа райының суытуына байланысты азаматтардың автокөліктерінің өртеніп кету жайттары жиілеп кетті. Желтоқсанның 1-інен бастап 14 автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Астанада 11 күнде 14 көлік өртеніп кетті

«Мәселен, Иманов көшесінде «ВМW» автокөлігі өртеніп кетті. Құтқарушылар келгенге дейін өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Бұл факт бойынша тексеру жүргізіледі. Көліктегі өрттердің ең көп тараған себептері электр жабдықтары мен қыздыру жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуі, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы болуы мүмкін», деп түсіндірді Астана қаласының полиция департаменті. 



Сонымен қатар полиция қызметкерлері тұрғындарға қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті.

«Көлікті уақытылы тексерістен өткізіп, электр сымдарының дұрыстығын қадағалаңыздар!», делінген хабарламада.