Алматы • 10 Желтоқсан, 2023

Бағыттаушы белгілер орнатылды

172 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Көз тұндырар көркем табиғатымен ерекшеленетін Алматы облысын туризмнің отаны десек, артық айтқандық емес. Жыл сайын өңірге ағылатын туристер саны еселенді. Соған лайық қызмет көрсету аясы да жанданып, жаңашаланып келеді.

Бағыттаушы белгілер орнатылды

Облыстық туризм басқар­масы биыл өңірдің негізгі ту­ристік орындарына на­ви­гациялық жүйені орнату жобасын іске асыруды бас­таған еді. Атап айтсақ, Таң­балы тас, Түрген және Тал­ғар, Саты шат­­қалдары, Ассы үс­тір­ті, Тал­­­хиз қалашығы, Көл­­­сай, Қа­йыңды және Есік көл­де­рі,  Қара Каньон ту­ристік бағыттары бо­йынша жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде белгіленген нүк­телерге 42 бірлік бағыт­таушы белгілер мен стеллалар орнатты.

СМ

Сондай-ақ 120-дан аса демалыс аймағы орналасқан Қапшағай су қоймасының жа­ғалауында туристік бағыт-бағ­дар жүйесін кеңейту жұ­мыс­­тары жүргізілгенін атау ләзім.

Табиғи ресурстарға бай әрі қолайлы инвестициялық климаты бар перспективалы өңірдің айтарлықтай өндіріс әлеуеті бар. Сонымен қатар облыс барлық маусымдық туризмді дамытуға өте қолай­лы. Мұнда туризмнің түрлерін, атап айтқанда киелі, эко­логиялық, мәдени-тарихи, кемпинг, гастрономиялық, аң­шылық, этнографиялық, тіпті әлеуметтік түрлерін то­лық­тай дамытуға болады. Бұл аймақ бүгінде елдің бизнес-қо­ғамдастығын және шетелдік ту­ристерді тартуда белсенді.

СМИ

«Жеңіл инфрақұрылымды құру еліміздің туристік саласын дамы­тудың 2023-2029 жылдарға арнал­ған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жүр­гізілді. Не­гізгі мақсаты – туризм ин­­фра­құрылымын жақ­сар­ту, ту­ристердің туристік-ре­креа­циялық аймақтарға жетуін жеңілдету және туристердің бейтаныс аймақтарда ыңғайлы жүруіне жағдай жасау.

Қабылданып жатқан іс-ша­ралар өңірдің тартымды туристік орталық ретінде дес­тинацияның оң имиджін қа­лыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ облыс аумағында туристердің жайлы және ыңғайлы сапарлауына және оң кері байланыс арқылы туристер санының артуына ықпал етеді», дейді «Ал­маты облысының туристік ақпараттық орталығы» КМҚК директорының орынбасары Азамат Жолданбаев.

 

Алматы облысы