Медицина • 06 Желтоқсан, 2023

Астаналық жедел жәрдем станциясының басшысы екі айға қамалды

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада қалалық жедел медициналық қызмет көрсету станциясының басшысы 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астаналық жедел жәрдем станциясының басшысы екі айға қамалды

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі күдіктінің екі ай қамауда болатынын мәлімдеді.

"6 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті МКҚК басшысына қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қалалық жедел медициналық жәрдем станциясында бекітті", – деп жазылған ақпаратта.

Осыған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астанадағы жедел медициналық қызмет көрсету станциясы директорының ұсталғанын растады. Басқа мәліметтер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.

Астана әкімдігінің қалалық жедел жәрдем стансасының сайтында хабарланғандай, оның директоры Мұрат Оразбаев.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше