Шахмат • 06 Желтоқсан, 2023

Бибісараның рейтингі

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық шахмат федерация­сы (FIDE) әлемнің ең үздік ойыншы­ла­рының рейтингін жариялады. Үздік­тер ті­зімінде Қазақстанның да өкілдері бар.

Бибісараның рейтингі

Ерлерге қарағанда біздің қыздар әлде­қайда табысты өнер көрсетіп тұр. Әйелдердің рейтингінде Бибісара Асаубаев мен Жансая Әбдімәлік қатар тұр. Олар 16 мен 17-орындарды өзара бөліскен. Бибісара – 2 472 және Жансая 2 468 ұпайдан еншілеген. Динара Сәдуақасова (2 435) 35-орынды иеленсе, Меруерт Камалидинова (2 383) 70-сатыға жай­ғасты. Ал қытайлық Хоу Ифань (2 632) жеке-дара бастап тұр. Екінші орында оның отандасы – Цзюй Вэнцзюнь (2 560). Үн­дістандық Конеру Хампи (2 554), ре­сейлік Александра Горячкина (2 553) және Қытай  елінің тағы бір өкілі Лэй Тинцзе (2 550) – озық бестіктің қатарында.

20 жасқа дейінгі шахматшылар арасында Бибісара Асаубаева алдына жан салар емес. Ол 2 472 ұпайды олжалап отыр. Одан кейінгі орындарда – Велпула Сараю (Үндістан, 2 444), Нұргүл Салимова (Болгария, 2 426), Лея Гарифуллина (Ресей, 2 423) және Дивья Деш­мух (Үндістан, 2 420). Сонымен қатар біздің Бибісара рапидпен (әйелдер) және блицтен (U-20) әлемдік рейтингте бірінші орында тұр.